Онкологиялық көмекті дамытудың бесжылдық бағдарламасына 207 млрд. теңге жұмсау көзделеді

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Онкологиялық көмекті дамытудың бесжылдық бағдарламасына 207 млрд. теңге жұмсау көзделеді.
None
None

Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы  жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында «Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту туралы» бағдарлама жобасын таныстыру барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов осылай мәлім етті.  

Вице-министрдің айтуынша, 2012-2016 жылдарды қамтитын бағдарлама шеңберінде 207 млрд. теңге жұмсау қарастырылған. Бұл қаражаттың басым бөлігі жаңа онкологиялық орталық салуға және Қостанай, Қызылорда облыстарында онкологиялық диспансер корпустарының құрылысына жұмсалатыны көзделген.

«Бағдарлама аясында барлық онкологиялық кабинеттер жарақтандырылады, емханалар диагностикалық қажетті қондырғыларға, мамандарға ие болады. Ал бағдарламадан күтілетін түпкі нәтижеге келетін болсақ, 2016 жылға қарай онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 15 пайызға төмендейді. Ауруды ерте бастан анықтау үлесі 53 пайызға артады. Сондай-ақ, скрининг бағдарламасымен халықты қамту деңгейі 92 пайызға жетеді», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар