Онкологтарды шетелге тәжірибе жинақтауға жіберу керек - Әбілқайыр Сқақов

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов онкология және инсультке шалдығу жағдайларының артуымен қалай күресетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онкологтарды шетелге тәжірибе жинақтауға жіберу керек - Әбілқайыр Сқақов

«Павлодарда жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейтін онкоорталықтың ашылуы келешекке жақсы нышан беріп отыр. Бірақ осындай мықты онкологтар бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жұмыс істеуі тиіс», - деді Естай атындағы Мәдениет сарайында тұрғындарға есеп берген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Өңір басшысы қатерлі ісікті бастапқы медициналық-санитарлық көмек кезеңінде алдын алуды немесе оны алғашқы сатыда анықтауды ескертті.

«Ауруларды ерте диагностикалауды және халықтың онкологиялық сақтығын жақсарту үшін дәрігерлерді ынталандыру бойынша мынадай шаралар қабылдау қажет: оларды әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету, онкологтың қызметімен тікелей байланысты емес функцияларды орындаудан босату және дәрігерлерді үздік тәжірибелерді зерделеу үшін шетелге жіберу», - деп атап өтті Ә.Сқақов.

Авторы Антон Гагарин