Онлайн-жерлеу қызметі пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық кәсіпкерлер онлайн-жерлеу қызметін ұсынуда. Қайтыс болған жақын адаммен қоштасу рәсімдері арнайы видеотрансляция көмегімен жасалады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ол жерде тікелей эфир арқылы жерлеуге қатысты барлық рәсімдерді көре аласыз. Ол үшін бұл қызметке тапсырыс берген марқұмның туыстарына арнайы құпия код таратылады.
Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда, бұндай қызмет қазір Испанияға өте қажет. Себебі ол жерде заң бойынша мәйітті 48 сағаттан артық ұстауға болмайды, ол осы уақыт аралығында жерленуі тиіс. Ал жерлеу рәсіміне үлгермейтін алыс жерлерде тұратын марқұмның туыстары онлайн-жерлеу қызметіне жүгіне алады.