Ономастикада жершілдік пен рушылдыққа жол бермейміз – Аида Балаева

аида
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрлігі ономастика саласына мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарап, тарихи тұлғалардың әділетті бағалануына көңіл бөледі. Бұл туралы сала министрі Аида Балаева айтып берді.

«Ономастика саласы бойынша Президенттің нақты тапсырмасы бар. Бұл салаға өзгеріс керек. Министрлік стратегиялық орган ретінде салаға мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарап, тарихи тұлғалардың әділетті бағалануына баса назар аударады. Сондықтан жалғандық пен жікшілдікке, жершілдік пен рушылдыққа жол бермей, елге шынайы еңбегі сіңген тұлғалар дәріптелуге тиіс. Басқа жол жоқ», - деді министр Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.

Бұған дейін Мәдениет министрі Қазақстанның тарихи орындарын ЮНЕСКО-ға енгізуге не кедергі болып отырғанын айтқан еді.

Сонымен бірге, Ресей, Өзбекстан, Қытай және Еуропаның бірқатар елінен тарихи құнды мұраларды қайтару жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар