Ономастикалық шешім қабылдауда жауапкершіліктің сатылы деңгейі енгізіледі - Д.Мыңбай

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ономастикалық шешім қабылдауда жауапкершіліктің  сатылы деңгейі енгізіледі.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

«Бұл ретте республикалық маңызы бар қалалардың, астананың нысандарына, көшелеріне және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселелері Республикалық ономастикалық комиссия деңгейінде қаралады және одан келісім алу ұсынылады. Сәйкесінше, аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда облыстық ономастикалық комиссияның міндетті түрдегі келісімін алу көзделеді», - деді Дархан Мыңбай.

Сонымен қатар, заң жобасымен жергілікті атқарушы органдардың көрнекі ақпаратты рәсімдеу ісі бойынша бақылауды жүргізу құзыреті енгізіледі.

«Ономастикалық жұмыстардың өлшемдерін белгілеу нормасы да заң жобасымен алғаш рет енгізіліп отыр. Атап айтсақ, атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізген кезде тарихи, географиялық, табиғи, мәдени ерекшеліктерді ескеру, әдеби тіл нормаларын сақтау ұсынылады», - дейді Д. Мыңбай.    

Соңғы жаңалықтар