Өңірде отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылып жатыр – БҚО әкімі

ОРАЛ. KAZINFORM – Наурызнама тұжырымдамасы бойынша 17 наурыз –  Шаңырақ күні. Осы айтулы күнге орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 25, 50 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан мерейлі отбасылармен кездесті. 

Нариман
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

«Баршаңызды алдағы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Адам бойындағы игі қасиеттер шаңырақтан бастау алады. Өңірімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға баса назар аударылуда. Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мыңға жуық көпбалалы аналар бар, оның ішінде 6 558 әйел жандар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері. Облысымызда арнайы 5 «отбасы орталықтары» жұмыс істеуде. Биылғы жылы тағы 3 ауданда осындай орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз», - деді облыс басшысы.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ өңір басшысы Атырау қаласында өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар туралы айтқанына тоқталды. 

«Президентіміз Ұлттық құрылтайда атап өткен отаншылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық құндылықтары отбасыдан бастау алады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беруіміз керек», - деді Нариман Төреғалиев.

Айтулды іс-шараға жуырда отау құрған жас отбасылар да қатысты. Жастар алдында аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар