Түркия қорғаныс көрмесінен түскен табысты дрон орталықтарын дамытуға жұмсамақ

АСТАНА. KAZINFORM - Түркия билігі мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені өкілдері «SAHA 2026» көрмесінен түсетін қаражатты ел бойынша дрон өндірісі мен оқыту желісін кеңейтуге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі хабарлады.

Доходы от выставки ОПК в Турции направят на массовое распространение центров БПЛА
Фото: yenisafak.com

 

Жыл сайын өтетін қорғаныс-авиация көрмесінің табысы Түркияның барлық 81 провинциясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және мамандар даярлау орталықтарын ашуға жұмсалмақ. Бұл жөнінде «Байкар» компаниясының бас директоры Халук Байрактар мәлімдеді.

Оның айтуынша, бастаманың негізгі бағыты – елдің барлық өңірінде дрондар құрастыру мен операторларды оқытатын орталықтар желісін қалыптастыру. Ең ірі орталық Ыстанбұлда орналасады. Бұл нысандар көпшілікке, әсіресе жастарға ашық болады. Мұнда дрондарды құрастыру, сынақтан өткізу және басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беріледі.

«SAHA 2026» көрмесі 5–9 мамыр аралығында Ыстанбұлда өтеді. Бұл – аталған шараның бесінші рет ұйымдастырылуы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2018 жылдан бері көрме ауқымы айтарлықтай кеңейген. Биыл оған 1700-ден астам компания, оның ішінде шамамен 260 шетелдік қатысады деп күтіліп отыр. Келушілер саны 200 мыңнан асуы мүмкін.

Халук Байрактар «SAHA Istanbul» бүгінде 1300-ден астам қатысушыны біріктіретін Еуропадағы ірі өнеркәсіптік кластерге айналғанын атап өтті.

Оның дерегінше, көрме аясында жасалған экспорттық келісімшарттардың көлемі 2024 жылы 6,2 млрд долларды құраған. Ал биыл бұл көрсеткішті 8 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр.

Осыған дейін Түркияда ашылмаған қылмыстарды қайта қарайтын жаңа бөлім құрылатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар