Өңірлік ипотеканы субсидиялауды іске қосу қажет – сарапшы пікірі

АСТАНА. KAZINFORM – Өңірілк ипотеканы субсидиялау тетігін іске қосуға болады. Мұндай пікірді Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко білдірді.

Ипотека
Фото: Midjourney

«Баспана бағасы сұраныстың төлем қабілеті мен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Мемлекеттің қандай да бір займды субсидиялау және басқа да тәсілдермен нарыққа араласуын жақтамаймын. Нарық еркін болуы тиіс. Сонда ол өздігінен-ақ бірқалыпты реттеледі. Барлығы да пәтердің өте қымбат екендігін айтады. Бұл әлемдегі ең қымбат тауар саналады», - деді сарапшы агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Осы орайда ол қалалардағы инженерлік желілердің шамамен тыс жүктелуі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын айтады.

«Ірі қалалардағы инженерлік желілерге жүктеменің артуы соншалықты, тіпті жаңа нысандарды пайдалануға беруде мәселе туындайды. Желілерге жүктемені ақылға қонымды есептеген жөн. Демек, халық саны артқанда, құрылыс көлемі жеткіліксіз болғанда шаршы метрге сұраныс сақталады. Дәл осы жайт өсімнің алғышарты саналады. Миллиондаған тұрғыны бар қалаларды ғана емес, өзге де өңірді дамыту үшін көршілердің тәжірибесін үйрену, яғни өңірлік ипотеканы субсидиялауды іске қосу қажет шығар», - деді Нина Лукьяненко.

Соңғы жаңалықтар