Онтакэ жанартауының атқылауы - 31 альпинистің мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Онтакэ жанартауының атқылауынан із-түзсіз жоғалған 31 альпинистің мүрделерін тау шыңына таяу маңнан тапты. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Онтакэ жанартауының атқылауы - 31 альпинистің мәйіті табылды

Алдын ала тексеру қорытындысы альпинистердің жүректері соғуын тоқтатқандығын көрсетті. Дегенмен олардың өлімі туралы ресми қорытынды тек медициналық зерттеуден кейін шықпақ.

Онтакэ тауындағы құтқару жұмыстары жанартаудың атқылауына қарамастан еш тоқтаусыз жүргізілді. Тау қойнауында қалып қойған 250 адамның көпшілігі көшірілді.