Оңтайландыруға жататын ЖОО-лардың студенттері зардап шекпеуі қажет - К.Мәсімов

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Оңтайландыруға жататын ЖОО-лардың студенттері зардап шекпеуі қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі іс-шаралар жоспарын таныстырған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың атап өтуінше, бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында сырттай білім алатын жастардың саны шектен тыс көп болып отыр. Бұл олардың кәсіби біліктілігінің төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан да алдағы 3-4 жылдың ішінде жоғары блім беру саласындағы сапасы төмен бірқатар оқу орнын қысқарту жоспарлануда.

Осы орайда аталған бағдарламаның бүгінгі күнге қажеттілігі жоғары екендігін айта келе Үкімет басшысы министрдің назарын бірқатар маңызды бағытқа аударды.

«Біріншіден, Сіз ұсынып отырған оңтайландыруға жататын жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер зардап шекпеу қажет. Яғни, білім ала бастаған студенттердің басқа жоғары оқу орындарында сол оқуын жалғастыру үшін жағдай жасау қажет», деді.

Сонымен қатар Премьер-Министр Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айқындаған еліміздің даму бағыттарына ЖОО-лардың мамандықтары мен білім алған студенттердің әлеуеті сәйкес келуі керектігін айта келе, білім алған студенттердің жұмыс үдерісіне әлеуетті түрде араласуы қажеттігіне де назар аударды.

Үкімет басшысының үшінші баса назар аударған мәселесі жоғары оқу орындарына бағытталатын ресурстардың қайда жұмсалатындығы болды. «Яғни, бұл қаржылар Мемлекет басшысы атап өткендей, ғылымды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға жаратылуы керек» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар