Оңтүстік Африка Республикасы армиясынан 2 мың жауынгер қуылды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат -   Преторияда  өткен  наразылық  акциясына   қатысқан   оңтүстікафрикалық    жауынгерлер   дереу  демалыс  ақысынсыз    қызметтен   қуылады.

Оңтүстік Африка Республикасы армиясынан 2 мың    жауынгер қуылды

Бұл туралы   Оңтүстік Африка Республикасының   қорғаныс министрі  мәлім етті, деп    хабарлайды «Маяк»  радиостансасы.

Кеше кешке   2 мыңға жуық  жауынгер    үкімет  ғимаратының алдында     шеруге  шығып,     жалақыны көтеруді  талап  еткен.   Толқу түні  бойы  жалғасқан.  Манифестанттарды     полиция    қуып таратты,  екі  жауынгер  тұтқындалды.