09:59, 05 Маусым 2009 | GMT +5
Оңтүстік Африка Республикасында ғаламшардағы ең қарт кейуана дүниеден озды
ПРЕТОРИЯ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат – Оңтүстік Африка Республикасында ғаламшардың ең қарт кейуанасы - 134 жастағы Молоко Темо дүниеден озды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Дүние есігін сонау 1874 жылы шілденің 4-інде ашқан ол бүкіл өмірін өзі туған өлкеде - Зимбабвемен шекаралас оңтүстікафрикалық Лимпопо провинциясында өткізген. Бірнеше дәуірді бастан кешірген кейуана - бурлардың Трансвааль республикасында туады, британ колонизаторлармен соғысты бастан кешіреді, апартеид кезеңін көреді, нәсілшілдік қойылған демократияның да куәсі болады. Молоко Темо артынан көп үрім-бұтақ қалдырып отыр.