Оңтүстік Африка Республикасында құны 20 миллион тұратын алмас тас табылды
АСТАНА. Қыркүйекің 30-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасындағы атақты «Куллинан» шахтасында сапасы жоғары үш ірі алмас тас табылды, олардың біреуінің салмағы 500 каратты шамалайды,
деп хабарлайды ВВС компаниясының Орыс қызметінен.
Өндіруші компанияның өкілдерінің хабарлауынша, бұл алмас индустриясының соңғы 100 жылдық тарихындағы ең үлкен олжаның бірі. Сарапшылардың бағалауынша, табылған алмастың ең үлкенінің құны 20 миллион доллар болып қалады.
Әбден зерттелгеннен кейін табылған тастардың ең үлкеніне ат беріледі. Рейтер агенттігінің айтуынша, ол әлемдегі ең ірі 20 алмас тастың қатарына кіреді.
1903 жылы негізі қаланған «Куллинан» алмас шахтасы Преторияға жақын жердегі Трансваальде орналасқан. Бір ғасырдан астам уақыттың ішінде бұл жерден жалпы салмағы 120 миллион караттан асатын алмас тастар өндірілген. Олардың ішінде 1995 жылы табылған және ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең үлкен алмас тас саналып келген салмағы 3106 караттық «Куллинан» тасы да бар.