Оңтүстік Африкада браконьерлер мүйізтұмсықтарды аяусыз қырғынға ұшыратқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында браконьерлер биылғы жылы 1020 мүйізтұмсықты өлтіріп, қыру жағынан «рекорд» орнатты, деп хабарлады ВВС агенттігі.
None
None

Оңтүстік Африкада әлемдегі мүйізтұмсықтардың ең көбі мекен етеді. Өкініштісі, жыл сайын оларды өлтіру фактісі жиілеп барады.

Қытай мен Вьетнамда мұйізтұмсық мүйізінің құны арта түскеніне байланысты бұл елде аталған жануарларды заңсыз ату да күшейіп кеткен.

Экологтар мүйізтұмсықтар өлімінің саны таяу арада оның туу көрсеткішінен асып, жоғалып кетуі қаупін туғызып отырғанын ескертті. Мүйізтұмсықтардың көбі Крюгер ұлттық паркінде өлтіріледі екен.

Соңғы жаңалықтар