Оңтүстік Африкада су бөгеті бұзылып, 3 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. Анадолы-ҚазАқпарат – Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Фри-Стейт провинциясында шахта қоймасының су бөгеті бұзылып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Африкада су бөгеті бұзылып, 3 адам қаза тапты

SABC телеарнасының хабарлауынша, оқиға Ягерсфонтейн кенті маңындағы қараусыз қалған алмас кенішінде орын алған. Төрт адам із-түзсіз жоғалды. Жергілікті билік Чарлсвилл ауылы мен оның төңірегіне үлкен шығын келгенін хабарлады. Көптеген отбасылар үйлерін тастап кеткен. Фри-Стейт провинциясының премьер-министрі Сиси Нтомбела бөгеттің бұзылуы салдарынан кем дегенде 35 адам, оның ішінде жүкті әйелдің жарақат алғанын айтты.

Апат болған аймақта электр қуаты үзіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Фото: Анадолы