Оңтүстік Африкадағы кеніштен аса сирек кездесетін көк алмас табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадан салмағы 122,5 қарат болатын аса сирек кездесетін көк алмас табылды.

Оңтүстік Африкадағы кеніштен аса сирек кездесетін көк алмас табылды

Бағалы тас Преториядан солтүстік шығысқа қарай орналасқан Куллинан шахтасынан табылған. Зергерлердің бағалауынша, оның бағасы дәл сол кен орнынан алынған салмағы 507 қарат ең қымбат неограненді алмастан асып түсуі мүмкін. Ол 2010 жылы бәссаудада ол 35 млн. доллардан астам қаржыға сатылған еді.

Көк алмастар алмастардың әлдеқайда сирек кездесетін және бағалы түрі болап табылады.