«Оңтүстік» ӘКК» шағын ауыл шаруашылығын өндірушілерін біріктірудің әдістері мен жолдарын сәтті тапқан» ? ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» шағын ауыл шаруашылығы өндірістерін біріктірудің оңтайлы әдістерін мен жолдарын сәтті тапқан», – деп баға берді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев, «Оңтүстік» ӘКК» тәжірибесін елдің басқа аймақтарында енгізуге лайықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Ө.Шөкеев Шымкентте өткен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестік» аймақтық форумын қорытындылай отырып журналистерге берген сұхбатында айтты.Форумның жұмысына Қазақстанның агрокешенін дамытуға жауапты барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі және «Оңтүстік» ӘКК» арасындағы өзара іс-қимыл егжей-тегжейлі талқыланды. Онда шаруалардың барлық проблемалары мен мұқтаждарын «Оңтүстік» ӘКК» күшімен шешу жолдары қарастырылды. «Жалпы алғанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы біздің елде бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бір жағынан бұл бизнес-құрылым болғандықтан біздер корпорацияны құру кезінде оның қызметтерінің әдістері мен бағыттарына негізделген аумақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әрқайсысын жергілікті жерде анықтауы үшін олардың жұмыстарын егжей-тегжейлі реттеген жоқпыз. «Оңтүстік» ӘКК», меніңше, өз қызметінің бағытын өте сәтті айқындап алған», ? деп мәлімдеді Ө.Шөкеев.«Оңтүстік» ӘКК» сервистік-дайындау орталықтарының айналасында ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді біріктіре бастады. Бұл идеяны Мемлекет басшысы ұсынған болатын. «Оңтүстік» ӘКК» тәжірибесіне қарап отырып, осы мәселені шешудің әдістері мен жолдарының сәтті табылғанын көріп отырмыз. Бұл орталықтар шаруаларды өндіріс үшін тек барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймайды. Олардың өндірген өнімдерін толықтай сатып алады және оны нарықтық бағамен сатуды қамтамасыз етеді», ? деді вице-премьер.
Соңғы жаңалықтар