Оңтүстік Азия елдерінде күн күрт суытып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда екі күннен бері курорттар орналасқан Чеджу аралына әуе рейстері тоқтатылды. Аралды соңғы 30-40 жылда түспеген қалың қар басып қалды.
Аралдағы демалыс орынына келген мыңдаған адам кете алмай жергілікті әуежайда қамалып отыр. Қалың қар мен қатты жел Жапонияда ұшақтар мен пойыздардың қозғалысына кедергі келтіруде.
Гонконгте температура +3 градусқа шейін төмендеді, ал субтропикалық климатты аралда мұндай төмен ауа райы 60 жыл бұрын тіркеліпті.
Қытайда көптеген жылдары болмаған суық ауа райы салдарынан билік тұрғындарға жолға шығу қауіпті екендігін ескертуде.