«Оңтүстік» экономикалық аймағына 15 млн теңге айыппұл салынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ 15 млн теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті 27 мамырда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясын Табиғи монополиялар туралы заңның 26-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Субъект Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірді, бірақ сот оны қанағаттандырмады.

Шымкент қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалды.

Қазіргі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы» АҚ жалпы сомасы 15 394 949 теңге айыппұлды толығымен өтеді.


Соңғы жаңалықтар