Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ауысты

ШЫМКЕНТ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа бастығы тағайындалды,

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ауысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қанат Жаңабекұлы Ыдырысов оңтүстік үшін маңызды басқарманың бірінің бастығы болды. Оның мамандығы ? зооинженер. Еңбек жолын Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетаудағы филиалында жануарлар және генетика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызыметінен бастады. 2007 жылғы наурыздан бастап соңғы уақытқа дейін ҚР АШМ жануарларды дамыту және ветеринарлық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.Бұдан бұрын осы лауазымды атқарып келген Қалыбек Алдабергенов облыс әкімінің шешімімен басқа жұмысына ауысуына байланысты қызметінен босады.