Оңтүстік Қазақстан облысы Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 63 млн. теңгенің өнімдерін ұсынуда

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Астана алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда Шымкент, Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Түлкібас, Созақ, Сарыағаш, Сайрам, Отырар, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарының өндірісшілері салмағы 222 тонна болатын 63 млн. теңгенің тауарларын ұсынуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 63 млн. теңгенің өнімдерін ұсынуда

Оның ішінде 85 тоннадан астам көкеніс, 45 тоннадан астам ет, 10 тоннадан астам жарма, 5 тонна балық, 3 тонна сүт, 2 тонна өсімдік майы бар. Олардың бағасы базар бағасынан 10-20 пайызға төмен болып отыр.