Оңтүстік Қазақстан облысында 375 тонна шөп өртеніп кетті
АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 375 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдай ОҚО Шардара ауданына қарасты Бардынкөлсай елді мекенінде орын алған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың алдын алу барысында 4 сағаттан астам уақыт күш жұмсады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 13 маманы мен 2 техникасы тартылды.