Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді - ТЖМ

СТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақта ірі дала өрті сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысында 400 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді - ТЖМ

Төтенше жағдай Сарыағаш ауданының Жылға және Әлімтау ауылдық округтеріндегі Жайтаққұдық кенті маңында маусымның 11-інде 18-45-те болды. ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, құрбан болғанар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау маусымның 12-сі күні 02,40-та 90 адамның және 11 бірлік техника күшімен сөндірілді, олардың ішінде ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің 32 адамы мен 3 бірлік техникасы болды.