Оңтүстік Қазақстан облысында 710,6 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс орындарында 710,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,8 миллиард теңгеге артық. Осылайша, әлеуеті артқан өңір елімізде 4-орынды иеленді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
None
None

Атап айтқанда, кен өндіру 208,3 миллиард теңге, өңдеу өнеркәсібі 437,8 миллиард, электрмен қамту, газ, бу беру және ауа баптау саласында 52,7 миллиард, ал сумен жабдықтау   бойынша 11,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар, өңірде Индустриаландыру картасы аясында жалпы құны 227,9 миллиард теңгенің 150 жобасы іске асқан. Нәтижесінде 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. 

Сондай-ақ, 2010-2016 жылдары Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобалармен 280 миллиард теңгеден астам өнім шығарылған. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриалды аймақ құрылуда. 2010 жылы елімізде ең алғашқы болып құрылған  «Оңтүстік» индустриалды аймағында жұмыс істеп тұрған түрлі кәсіпорындар  мемлекеттік табыс салығына 5,3 миллиард қаржы түсірген. Осылайша, «Оңтүстік» индустриялық аймақ кәсіпорындарының салық түсімдерінің есебінен 77,9% бюджет қаражатының орны толтырылған.

 

Алмас Сұлтан

Соңғы жаңалықтар