Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың бортындағы 13 адамның үшеуі құтқарылды

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің  8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -  Оңтүстік Қазақстан  облысында Өгем   шатқалы ауданында    бүгін апатқа ұшыраған  Шекара  қызметінің  тікұшағында   үш  адам  аман қалды.   Олар   құтқарылып,  Шымкентке  жеткізілді, 
None
None

деп  хабарлады   Ұлттық  қауіпсіздік комитеттің Оңтүстік Қазақстан  облысы  бойынша   департамент  бастығының  орынбасары Кәрім Балтабаев.

«Жаңа ғана  Шымкент  әуежайына       біздің  құтқарушы   тікұшағымыз қонды  және   аман қалған   үш  адамды жеткізді. Әуежайда     медиктер кезекшілік  атқарды,   олар     зардап  шеккендерді жедел  ауруханаға     жеткізді: біреуі -  жедел жәрдем  ауруханасына, екеуі  - облыстық ауруханаға     жатқызылды», деді  К.Балтабаев.

 Оның айтуынша,    тікұшақ    бортында тағы  10-ға жуық  адам болған,  олардың барлығы   жанып  кеткен, машинадан  түк қалмаған  «Оқиға  орнында  біздің құтқарушы  жасақ   қалды,     сарбаздар     қаза болғандардың  денелерін   алып  шығуға  тырысады»,  дейді К.Балтабаев.

 Шекара қызметінің  «Оңтүстік» аймақтық  басқармасының бастығы  Ерлан  Иманәлиевтің айтуынша,    апатқа ұшыраған тікұшақ    жоспарлы   барлау    сапарын   жасаған.

Соңғы жаңалықтар