Оңтүстік Қазақстан облысында бұдан бұрын жабық болған жол учаскесінде көлік қатынасы жанданды

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бұдан бұрын жабық болған жол учаскесінде көлік қатынасы жанданды,

Оңтүстік Қазақстан облысында бұдан бұрын жабық болған жол учаскесінде көлік қатынасы жанданды

деп хабарлады ҚР Көлікжәне коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бүгін сағат 17.30-дан бастап Алматы-Ташкент-Термез автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған «Рубеж» бекеті Шақпақ баба (593-606 шақырым) учаскесінде көлік қатынасы қайта жанданды», - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы салдарынан еліміздің бірқатар өңірлерінде автомобиль жолдары әлі де жабық күйінде қалып отыр. Соның ішінде Алматы облысында Қапшағай - Күрті (0-67 шақырым), Үшарал - Достық (0-184 шақырым) учаскелері, Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай-Қалжыр- Теректі» автожолының Біржан - Теректі учаскесі (70-124 шақырым), Өскемен-Зыряновск-Рахманов қайнар бұлақтары автожолының Ушанов ауылы-Зыряновск» учаскесі (6-164 шақырым), Қарағанды облысында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының Ботақара-Қарқаралы учаскесі (64-127 шақырым) көлік қозғалысы үшін шектеулі.