Оңтүстік Қазақстан облысында екі шенеунік пара алу үстінде ұсталды

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -   Оңтүстік Қазақстан   облысы  Қазығұрт ауданындағы    Қызылқия ауылдық  округінің  әкімі  мен      осы округтің  жер  қатынастары   жөніндегі жетекші  маманы    парамен ұсталды,

Оңтүстік Қазақстан облысында  екі шенеунік  пара алу  үстінде ұсталды

деп  хабарлады  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  облыстық департаментінен.

Департаменттің  тергеуші-жедел тобы    оларды  Шымкент-Сарыағаш   тас жолының  бойында  орналасқан  дәмханалардың бірінде  ұстады. «Күдіктілер   жеке тұрғын үй  құрылысына   жер телімін беру үшін    өтініш берушіден 50 мың теңге сома  ақша талап  еткен»,  - деп   хабарлады    департаменттің баспасөз қызметінен.

Аталған  факті  бойынша  қылмыстық  іс қозғалды.