Оңтүстік Қазақстан облысында құтқару жұмыстары жалғасуда

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Шымкент қаласында су басып қалған көшелер мен аулаларды судан арылту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
None
None

Түркістан қаласында, Үлгілі, Абай және Бабайқорған елді мекенінде қорғау үйінділері құрылып жатыр, елді мекендерден суды арылту үшін 650 қапшық  топырақ төселді.

Алғабас ауыл округі мен Бәйдібек ауданының Қазата және Шақпақ ауылында арықтарды тазарту және бұзылған арық каналдарын бекіту бойынша жұмыс жүргізілді.

Ордабасы ауданында су басып қалған көшелерді судан арылту бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар ҚР ТЖМ №28237 әскери бөлімінің күшімен Найман-Арық арығын жағалай күзету жүргізіліп жатыр. 

Төлеби ауданының Сарқырама елді мекенінде 2,8 шақырымдық су ағызу арнасының арығы салынып жатыр. Айта кетейік, бүгінде оның 1600 метрі салынды. Қаратөбе ауылдық округі мен Майбұлақ, Балдыберек және Төңкеріс елді мекенінде қарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бадам өзенінің жағасын бекіту үшін шақпақ тас қолданылуда.

Су басып қалудың алдын алуға бағытталған шара - Созақ ауданында өткізілуде. Сондай-ақ Шолаққорған елді мекенінің жанындағы бөгет 2 метрге созылып, 3 метрі бекітілді. Созақ елді мекенінде су басып қалған 30 үй мен 50 шаруа қожалығына байланысты 1100 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Орын алған төтенше жағдайды жоюға 1147 адам, 222 техника мен жүзу құрылғыларының 21 бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар