18:09, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алу үстінде кеденші ұсталды
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Сарыағаш ауданының «Қазығұрт» кедендік бекетінің аға маманы, кедендік қызметтің капитанын 50 мың теңге пара алу үстінде ұстады,
деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
«Кедендік орган қызметкері рәсімдеусіз Қазақстаннан Өзбекстанға автокөліктің қосалқы бөлшектерін өткізу мәселесін шешуге көмектесу үшін ақша талап еткен», делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодекстің 311-ші бабы бойынша («пара алу») қылмыстық іс қозғалды.