01:07, 20 Ақпан 2018 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК осындай ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«20 ақпаннан бастап алдағы тәуліктерде температураның жоғарылауына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында су тасуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ақпанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, кей уақыттарда оның жылдамдығы 30 м/с және асып кетуі ықтимал.