Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатында алты адам көз жұмды

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында автокөлік апатында алты адам көз жұмды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатында алты адам көз жұмды

Жұма күні, маусымның 11-інде, сағат 01.30-да Шымкент-Самара автожолының 99-шы шақырымында Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Мерседес» және «Фольксваген» автомобильдер соқтығысты.

Жол-көлік апатының салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші де, «Фольксвагеннің» бір жолаушысы мен «Мерседес» автомобилінің үш жолаушысы қаза болды, екі әйелдің кімдер екені анықталған жоқ.

Бұдан басқа, әртүрлі жарақаттармен 5 адам ауруханаларға жеткізілді, олардың ішінде бір бала бар.