13:23, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза болды, төрт адам жарақат алды
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза болып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты Түркістан-Кентау тас жолының 1-ші шақырымында кеше сағат 19.05-те болған. «Ауди» мен «БМВ» көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан «Аудидің» жүргізушісі, 1968 жылы туған азамат мен оның жолаушысы, 1973 жылы туған азамат көз жұмған. «БМВ» жүргізушісі мен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Ал Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «ГАЗ» көлігінің жүргізушісі 1 жасар баланы қағып кетіп, бала алған жарақаттан оқиға орнында шетінеді. Қайғылы оқиға кеше сағат 13.45-те болған.