Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде асхана өртенді, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде асхана өртенді, зардап шеккендер жоқ,

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде асхана өртенді, зардап шеккендер жоқ

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертең Жетісай қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің ғимаратында өрт болды. Жеке орналасқан мектеп асханасының ғимараты өртке оранды. От 40 шаршы метр жерді алды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.