Оңтүстік Қазақстан облысының активі ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 17-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының активі ҚР Президентінің Жолдауын талқылады,

Оңтүстік Қазақстан облысының активі ҚР Президентінің Жолдауын талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Халқы тығыз орналасқан оңтүстік үшін бірінші кезектегі мәселе ? жұмыс орындарын сақтап қалу. Облыс экономикасының өзіндік бір ерекшелігі ? мұндағы тұрғындардың басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласымен айналысады. «Сондықтан да дағдарысқа қарсы бағдарлама ауқымындағы мемлекет бөліп отырған 10 млрд. теңге ауадай қажет. Әр субьектімен нақты жұмыс жүргізіп, олардың несие алуына көмек көрсетуді ? мен өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына міндеттеймін», - деді өз сөзінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов.Қалыпты жағдайды сақтап қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашуға үш көлемді жоба мүмкіндік береді. Олар, ОҚО-да мемлекет қаржысы арқылы жүзеге асқалы отыр. Көксарай су реттегішінің құрылысы үшін алдағы үш жыл көлемінде 43 млрд. теңге бөлінеді. Мұндағы жұмыс күші 10 мың адамнан асып түскелі отыр. Сондай-ақ, Қызылқұм алқабын суару үшін де 1,5 мыңнан астам жұмыс қолы қажет. Ал, Мақтаарал ауданына Шардара су қоймасынан суды машина жүйесі арқылы беруді іске асыру үшін 1 500 адам жұмысқа тартылмақ. «Сонымен қатар, осы жобалар шаруалар алқаптарын сумен үзбей қамтамасыз етуге жол ашады, соның арқасында бұрынғыдай Өзбекстанға тәуелділік болмайды» - деді, облыс әкімі.Облыс әкімі ОҚО аудан әкімдеріне ұлттық және мемлекеттік компаниялар арқылы бөлінетін қаржының үнемді және тиімді үлестірілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. «Бұл, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үшін «ҚазАгро» арқылы бөлінетін 2 млрд. теңге және көктемгі далалық жұмыстарды өткізуге бөлінген 7 млрд. теңге», - деп атап өтті А.Мырзахметов.Жұмыс орындарын сақтау және отандық тауар өндірушілерді қолдаудағы маңызды мәселе, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс сауатты өтуі қажет. «Осы мақсат үшін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 6 млрд. теңге бөлінеді. Бұл аз қаржы емес, біраз қажеттілікті өтеуге толығымен жетеді. Сіздер тауар өндірушілердің барлығын білесіздер, бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқсыздар. Қорыта айтқанда, жұмыс тәртібін дұрыс ұйымдастыра білу басты қажеттілік», - деді облыс әкімі.