Оңтүстік Қазақстан облысының арнайы қызметтері есірткі сатпақ болған шетелдіктерді ұстады
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 4 келі героин сату үстінде көрші мемлекеттердің азаматтары ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінен.
Тәжікстаннан Қазақстанға есірткі трафигін ұйымдастырушыларға қатысты жедел-іздеу шараларын өткізу барысында, департаменттің жедел-тергеу тобы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесіп, Мақтаарал ауданының Атакент ауылында 4 келі есірткі сату кезінде Тәжікстан азаматы мен Өзбекстан тұрғынын ұстады.
Қылмыстық кодекстің 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтар департаменттің тергеу абақтысына жабылды.