Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егістіктерін сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындап отыр - Су ресурстары комитеті

«Достық» арнасымен биылғы жылы келісілген су көлемінің тек 31 пайызы ғана жеткізілді. Үкіметаралық келісімге сәйкес, суды өткізу арқылы өндірілетін энергияны қырғыз тарапы «KEGOK» АҚ, «ҚТЖ» АҚ және ОҚО-ға жеткізуі тиіс. «Алайда ОҚО әкімшілігі бірде бір киловатт электр энергиясын сатып алмаған. Ал энергияны алатын қалған пайдаланушылар сатып алуды тек ішінара іске асырған»,-делінген ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің баспасөз баянында.
Суға байланысты жағдайды ушықтырмас үшін суармалы егістерге арналған суды жеткізуші елдермен Үкімет алдын ала келіссөздер жүргізуде. Мәселен, өткен жылдың желтоқсанында Қырғызстан мен Қазақстан үкіметтері арасында «540,0 млн. кВт/сағат көлемінде энергия жеткізгені үшін 2009 жылғы желтоқсанның 31-інен кешіктірмей Қазақстан қырғыз жағына 18,36 млн. АҚШ доллары сомасындағы қаржыны алдын ала төлейді» деген келісімге қол қойылған болытын. Келісімге сәйкес Қырғызстан 2009-2010 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Тоқтағұл су қоймасынан секундына 600 текше метр көлемінде орташа тәуліктік су өткізілімін қамтамасыз етеді. Өзара қарыздарды реттеу үшін көршілес ел 5 млн. доллардан астам қаржы алды. «Алайда, суды өткізу арқылы өндірілген энергияны Қазақстан сатып алмай жатыр дегенді сылтау жасап, Бішкек өзінің міндеттерін орындамай отыр», - делінген баспасөз баянында.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары қиын жағдайға кезігіп отыр, себебі мақта дақылдарының пісіп жетілуі кезеңінде су көп көлемде қажет болады.
Осы қалыптасып отырған жағдайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке баяндады. Оның сөзіне қарағанда, шілденің 20-21-інде «KEGOK» АҚ жоспарланған 6,75 млн. кВТ/с-нің орына тек 4,08 млн. кВт/с-ні сатып алған.
Ал «Қазақстан темір жолы» АҚ жоспарланған 3,05 млн. кВт/с-нің орнына 1,7 млн. кВт/с-ні сатып алған, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы тиесілі 4,93 млн. кВт/с энергияны мүлдем алмаған. Бұның салдарынан «Достық» су арнасынан келісілген секундына 215 текше метрдің орнына барша келемнің тек үштен бір бөлігі ғана - секундіне 68 текше метр өткізілген. Осыған сәйкес мақтааралдық диқаншылар ылғалды тиісті көлемде алмады.
«KEGOK» АҚ мен «ҚТЖ» АҚ және ОҚО әкімшілігіне көршілерден электр энергиясын толық көлемде сатып алу тапсырылды. 2010 жылдағы өсімдік өсетін мезгілде еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі Ө. Шөкеевтің жеке бақылуына алынды.