Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сотталған туысына 100 мың теңге бермек болған

АСТАНА.  Тамыздың  24-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -  ҚР  Әкімшілік кодексінің  367-ші бабына сәйкес тыйым  салынған   заттарды  беруге  болмайтындығы туралы   түрме әкімшілігінің  жазбаша  ескертуіне  қарамастан, демалыс күні  түрмеге  туысының жағдайын  білуге келген  Оңтүстік Қазақстан облысының  27 жастағы  тұрғыны  әлгі   ережені  бұзды.

Оңтүстік Қазақстан  облысының тұрғыны сотталған  туысына 100 мың теңге  бермек болған


Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгір  қаласындағы    қылмыстық-атқару жүйесінің  қызметкерлері  тінту кезінде Кентау  қаласының  тұрғынынан  ИЧ-167/9 қатаң режимдегі  түрмеде  отырған туысына  беруге әкелген 100 мың теңге сома   ақша тапты.   Әкімшілік кодекс бабын  бұзғаны  үшін     азаматтық  тұлғаға    1 273  теңге көлемінде айыппұл  салынды.

Жылдың басынан бері осындай фактілер бойынша  900-дей азаматтық тұлға    әкімшілік  жауапқа тартылды.