09:02, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
                                        Оңтүстік Қазақстанда екі адам ботулизмнен қайтыс болды
                                            АСТАНА.  Қаңтардың  19-ы.  ҚазАқпарат -    Оңтүстік Қазақстан облысында     Түлкібас кентінің екі  тұрғыны    ботулизмнен    қайтыс болды,  
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                    
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың ақпараты бойынша, қаңтардың 6-сында аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне «ботулизм» диагнозымен Түлкібас ауылының төрт тұрғыны түседі, бірнеше күннен кейін тағы төрт адам жатқызылады. Солардың ішінде екі әйел қаңтардың 11-і және 16-сы күндері қайтыс болған. Қалған сырқаттардың жағдайлары қанағаттарлық, дейді дәрігерлер. Медиктердің пайымдауынша, ауыл тұрғындары маринадталған саңырауқұлақтан уланған.