Оңтүстік Қазақстанда ер адам анасы мен әйелін пышақтады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам туған анасы мен әйелін пышақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қайғылы оқиға 23 ақпан күні Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам алдымен әйелін бауыздаған, артынша көмекке асыққан анасына да пышақ сұғып алған.

Отбасында кішкентай бала өсіп келеді. Отағасын мұншалықты залымдыққа не итермелегені әзірге белгісіз.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар