10:43, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда газ баллоны жарылып, 6 бала зардап шекті
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Еңбекші ауданындағы Тассай кентінде газ баллоны жарылып, оқиға салдарынан алты бала зардап шекті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарылыс ақпанның 15-інде жекеменшік үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, «25 литрлік газ баллонының жарылысы салдарынан үйдің қабырғалары құлап, өрт шыққан». 18 жасар бойжеткен, 13, 7 және 2 жасар ұл бала мен 11 және 9 жасар қыз бала түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.