Оңтүстік Қазақстанда қарақшылар тобы ұсталды - ІІМ
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - құқық қорғаушылар Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылар тобын қолға түсірді.
Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қаунышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар тапаншамен қорқыту арқылы қарақшылық шабуыл жасап, 4 жылқы мен 63 қойды айдап әкеткен. «Қазіргі кезде ұрланған мал тәркіленді. Қылмыстық топтың басшысын ұстау кезінде одан қолдан жасалған жауынгерлік тапанша табылды», - деді Қ.Жұманов.