Оңтүстік Қазақстанда қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында  «Ұлттық қолөнер - ұрпаққа аманат» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. 

 Оңтүстік Қазақстанда қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

Көрме орталығында темірден түйін түйіп, сазды сәнді бұйымға айналдырған хас шеберлер бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null 

null 
null 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыс бойынша 45-тен астам шебер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдар сатылымға шығарылды. Жәрмеңкедегі қос шекті домбыра, торсық, дорба, масатыдан құрақталған көрпелер адамның көз жауын алады. Бұл бұйымдар - жәдігер емес, қолдануға жарамды дүниелер. Он саусағынан өнер тамған шеберлер ағаштан жасалған бұйымдар мен былғарыдан тігілген бұйымдарын әкеліпті. Ондағы бұйымдарды жұрт сән үшін емес  күнделікті қолданысқа тұтынуға да алып жатты. Мәселен, заманауи әмиян, қол дорбаларды дәстүрлі оюлармен әспеттеп, таза былғарыдан жасалған. Көрмеде шеберлердің жасаған бұйымдарын арнайы қазылар алқасы сарапқа салады. Үздік туындыларға қаржылай жүлде тапсырылды.
null 
null