Оңтүстік Қазақстанда «құтыру» диагнозымен ауруханаға жеткізілген 15 жастағы азамат қайтыс болды - ТЖМ
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «құтыру» диагнозымен ауруханаға жеткізілген 15 жастағы жасөспірім кеше, желтоқсанның 22-сі күні қайтыс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы желтоқсанның 15-і күні ОҚО Отырар аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына Ынталы ауылының 15 жастағы тұрғыны жеткізілген болатын. Желтоқсанның 16-сы күні азаматқа «құтыру» диагнозы қойылды.
Министрліктен хабардар еткендей, науқас сейсенбі, желтоқсанның 22-сі күні сағат 11.50-де ауруханада көз жұмды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 3 адам медициналық бақылауға алынып, антирабикалық емдер алуда.