12:22, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда өрт салдарынан екі жасар бала шетінеді
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Сайрам ауданының Қарасу ауылында болған өрт оқиғасы салдарынан бір отбасының адамы зардап шекті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ттенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.Новостройка көшесінде кеше жекеменшік тұрғын үй өртеніп кетті. Өртті сөндіру кезінде екі жасар баланың денесі табылды. Үш және тоғыз жастағы екі бала мен екі ересек түрлі күйік жарақатымен, ауруханаға түсті.