Оңтүстік Қазақстанда жеке үйде болған өрт кезінде үш адам қаза болды

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда жеке үйде болған өрт кезінде үш адам қаза болды,

Оңтүстік    Қазақстанда   жеке үйде  болған   өрт кезінде  үш  адам қаза болды

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сенбіге қараған түні облыстың Мақтаарал ауданындағы Береке ауылында Бейбітшілік көшесіндегі 2 пәтерлі жеке үйден өрт шығып, тілсіз жау үш сағаттан кейін ғана ауыздықталды.

Өрт 35 шаршы метр ауданға жайылып үлгерген. Нәтижесінде үйдің төбесі ортасына түскен. Оқиға орнында үш адамның денесі табылды.