Оңтүстік Қазақстанда жоғалған қызды жалдамалы пәтерде күштеп ұстаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында екі аптадан бері  іздеуде жүрген жасөспірім  табылды.

15 жастағы қызды базбіреулер жалдамалы пәтерде ұстап келіпті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың сөзінше, кәмелет жасына толмаған қыз белгісіз тұлғалармен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Жұмыс тауып береміз деген уәдемен оны қалаға шақырған. Бүған сенген 15 жастағы қыз 22 сәуір күні  Шымкент қаласына жетіпті. Қалаға кірген бойда оны күтіп алған. Содан кейін жасөспірім туралы ешбір хабар болмаған.

Осыдан кейін  қыздың  ата-анасы перзенттерінің жоғалғанын айтып, полицияға арызданыпты. Сол уақыттан бері тәртіп сақшылары іздеу шараларын жүргізді. Шымкент қалалық Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді жалдамалы пәтерлердің бірінен тауып алды. Белгілі болғандай, 1997 жылы туған қыз бен жігіт оны сол жерде күштеп ұстап келген. Қазіргі таңда оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары олардың қылмыс жасағанын толыққанды тексеретін болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram