Оңтүстік Қазақстанда жол көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстігінде екі жеңіл көлік соқтысып қалып, оқиға салдарынан 4 адам, оның ішінде 1 жастағы сәби мерт болды, тағы төрт азамат түрлі жарақаттар алды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстанда жол көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жұма күні Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шолаққорған-Құмкент трассасында «Мерседес» пен «ВАЗ» көліктері соқтығысып қалған. Жол көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» көлігінің екі жолаушысы және «Мерседес» көлігінің екі жолаушысы сол жерде көз жұмған. Олардың арасында 1 жасар қыз да бар.

Сонымен қатар екі көліктің жүргізушілері және 5 жасар сәби мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.