Оңтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

АСТАНА.  Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат -    Оңтүстік Қазақстан облысында   «Киа»  жолаушылар  шағын автобусы  мен «Хово»   жүк көлігінің соқтығысуы  салдарынан  алты адам  қаза  тапты, 
None
None

деп    хабарлайды     Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Жол  апаты сәрсенбі  күні  күндіз  Сарыағаш  ауданында Шымкент-Жетісай  тас жолының 198-ші шақырымында    орын  алды. Бес адам   оқиға орнында мерт болды,  тағы бір  адам    ауруханада   көз жұмды.   Олардың  үшеуінің  тұлғасы әзірге анықталған    жоқ.       Оған қоса  тағы 4  адам түрлі  жарақатпен ауруханаға түсті,   олардың  ішінде 4 жасар  бала бар.

Соңғы жаңалықтар