Оңтүстік Қазақстандағы 55 жетім бала жоғары білімді тегін алады

ШЫМКЕНТ. 7 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 55 жетім бала жоғары білімді тегін алады.

Оңтүстік Қазақстандағы 55 жетім бала жоғары білімді тегін алады

Дәстүр бойынша Астананың туған күнін мерекелеу күндері биылғы жылы мектеп бітірген жетім балаларға Оңтүстік Қазақстан облысының ЖОО-да білім алу гранттарын ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов табыс етті.

Аймақ басшысы балаларға ақ жол тіледі. «Бұл мүмкіндікті Қазақстанның лайықты азаматтары болу және оның гүлденуіне үлестеріңізді қосу үшін пайдаланатындарыңызға сенімдімін», - деді А.Мырзахметов.

Балалардың тегін білім алу гранттарын облыстың бірнеше ЖОО-лары бөлді. Соның ішінде А.Йассауи және М.Әуезов атындағы университеттер бар.

Биыл мектепті ата-ана қамқорлығынсыз қалған 290 жетім бала тәмамдады. Олардың 175-і колледждерде білім алса, 11 бала оқуды кәсіби лицейлерде жалғастырады. 22 адам мектеп бітірісімен еңбек етуді жөн көріп, ОҚО-ның кәсіпорындарына жұмысқа орналасты. Ал 27 бала Қазақстанның басқа облыстарындағы ЖОО-на түсу шешімін қабылдады.