14:31, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанның халқы Президент Жолдауын қызу қолдауда - Мәжіліс депутаты Т.Қосмамбетов
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Оңтүстік Қазақстанның халқы Президент Жолдауын қызу қолдауда.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Төлебек Қосмамбетов Ақордада Елбасы Н.Назарбаевпен болған кездесуден кейін мәлім етті.
«Мен Мемлекет басшысына аймаққа жасаған сапарымның барысында өзім кездескен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының алғысын жеткіздім. Облыс халқы Жолдау жүктеп отырған міндеттердің, оның ішінде, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты міндеттердің шешілетініне сенімді», - деді Т.Қосмамбетов өз сөзінде.